Ақтөбеде оқушылар колледж студенттерімен төбелескен
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2024, 20:34

Ақтөбеде оқушылар колледж студенттерімен төбелескен

Ақтөбеде пышақ жарақатын алған оқушылардың ата-аналары облыстық прокуратураға барып, тергеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанына шағымданды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Оқиға 2 қазанда болған. Ақтөбе қаласындағы № 23 орта мектеп ата-аналарының айтуынша, колледждің бір топ студенті футбол ойнап жүрген балаларды ұрып, пышақтап кеткен.

Мектеп ауласында балалар футбол ойнап жүреді. Алғашында бір топ жігіттің жүрігіп келе жатқанын, кейін оның соңынан тағы бір топтың қуғанын аңғарады. Аз уақыттан кейін бір тобы біздің балаларға келіп, тиіскен. Футбол алаңына кіріп, пышақ көрсеткен. Оқушы итеріп жіберген, сол жерде төбелес басталады. Балам үш жерінен пышақ жарақатын алды. Жамбасы зақымданды. Қазір ауруханадан шықты, сабаққа қатысып жүр. Арада қанша уақыт өткенімен іс бір орыннан жылжымай тұр. Екеуін қамаған, біреуі үйқамақта. Біз істің әділ тергелгенін қалаймыз, — деді жәбірленушінің анасы Шынар Балтабекова. Сондай-ақ Сара Қожанованың баласы да пышақ жарақатын алған.

Тағы бір жәбірленушінің анасы Сара Қожанованың айтуынша, бұзақылар балалардың футбол ойнап жатқан жеріне келіп, тиісіп, пышақпен қорқытқан. Менің баламның жамбасына пышақ салған. Полиция мен жедел жәрдем тез келді. Тек істі тергеу баяу жүріп жатқан көрінеді.

Полиция осы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

— Ақтөбе қаласында футбол ойнап жатқан жастар мен сол жерден өтіп бара жатқан жігіттер арасында жанжал туындап, нәтижесінде 2 жас бала жамбас аймағынан пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жүгінді. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе Төбелес студенттер Оқушылар

Тақырыпқа жаңалықтар