«Ақырын көрсетіп жатыр»: Қабатовтың тоқалы отбасылық суреттерін жария етті
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы онымен бірге түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.
Фотода қасында Тұрсынбектің тұрғаны анық көрінеді. Сондай-ақ Айман есімді келіншек кешке көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беретінін айтты.
"Ассалаумағалейкүм! Кешке сұрақ-жауап айдарын жалғастырамыз ба? Көп сұрақтар келіп жатыр. Бүгін тек 3 сұраққа жауап беремін. Іштерің толып қалыпты ғой", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары тоқалының енді ештеңе жасырмай, ашықтан ашық салып жатқанына таңданды.
"Әйтеуір дегенде ұялмай салатын болдым десей", "Ақырын-ақырын көрініп келе жатыр бәрі", "Салып бастап кетті ма не", "Басы жарылғанда қасында неге болмадыңыз?", "Отырып шәй ішейік шер тарқатып", "Қызы Тұрсынбектің үшінші қызынан аумайды екен", - деп жазды оқырмандар.