Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 21:21

Араб компаниясы Астана әуежайының жұмысын қолға алды

Астана халықаралық әуежайы инвестор Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

18 қазанда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Негізгі мақсат – Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жасау, жүк терминалының қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру. 

«8 қарашада шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясы мен Астана халықаралық әуежайы арасындағы бірлескен жұмыс басталды. Бүгін шетелдік инвестор Астана халықаралық әуежайының серіктестеріне, әуе компанияларына өздерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті», - деп жазылған Астана әуежайының ресми хабарламасында.

Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы сағатына 20 ұшу және қону операциясын орындауға мүмкіндік береді.

Ал жүк терминалының аумағы 3,3 мың шаршы метрді құрайды. Астана халықаралық әуежайы жылына 11 мың тонна жүкті қабылдау және жөнелту жұмысын жүргізіп келеді.

Астана әуежайы Terminals Holding Инвестор

Тақырыпқа жаңалықтар