«АрселорМиттал Теміртаудың» инвесторы қалай таңдалды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы қандай критериймен таңдалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Жаңа қазақстандық инвестор үшін шешім қабылдау орталығы Қазақстан болуға тиіс. Бұл Қазақстанда жұмыс істегісі келмейтін адамдар болмауы керек. Бұл – біздің ұстанымымыз. Егер инвестор немесе инвесторлар тобы үшін шешім қабылдау орталығы Қазақстан болса, бұл анағұрлым дұрыс таңдау болуы мүмкін», - деді Қанат Шарлапаев.
Министр Allur Group компаниялар тобының қазіргі бизнесі мен болат өндірісі арасында ықтимал синергия бар.
«Бүгінде көліктер әлі де металдан жасалатынын бәрі біледі. Осыған байланысты Қарметте (АМТ) автомобиль болатын өндіру және оны қолданыстағы бизнестермен біріктіру – қалыпты бизнес-логика. Өйткені, бұл үлкен логистикалық шығындарды азайтуға, өндірісті тереңдетіп, жергілікті үлесті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жалғыз адам қабылдаған шешімТеміртаудың болмағаны түсінікті. Оған көптеген адам қатысты. Үкіметтік комиссия инвесторларды таңдаумен айналысты және біз бұл жұмыстарды кім істей алатынын анықтадық», - дейді Қанат Шарлапаев.