Әскердегілерге несие алуға тыйым салынуы мүмкін

Әскердегілерге несие алуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді әскердегілерге, әскери қызметтегілерге банктер мен микрокаржылық ұйымдардан несие алуға тыйым салынуы мүмкін.

Егер қаржы ұйымы оның Отан алдындағы борышын өтеп жүргенін біле тұра несие рәсімдесе, борышкер оны қайтармауға құқылы.

Мұндай ереже Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысында бекітілген. Жобаға сәйкес, Қорғаныс министрлігі несиелік бюроларға мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар туралы мәлімет береді. Қызметі аяқталғаннан кейін тізімнен өшіріледі.

Бүгінде әскерге 40 мың адам шақырылған. Оның ішінде 22 мың сарбаздың бұрын алған несиесі бар.

Әскер Несие берілмейді Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар