Қазақстан жаңалықтары14 маусым 2025, 17:25

Астана-Павлодар жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Астана-Павлодар автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Олардың төртеуін жедел жәрдем бригадасы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді. Зардап шеккендер арасында 2009 жылғы қыз бала бар.

Өңірлік полиция департаментінен хабарлағандай «Астана-Павлодар» автожолында үш автокөлік соқтығысқан.

Автобанның 118-шақырымында үш автокөлік соқтығысқан. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізуде, оның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олар – 2009 жылғы қыз бала және 1970, 1994, 1998 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендердің барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.

 

Астана Павлолар Жол апаты
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар