Астана қаласына жаңа прокурор келді

Астана қаласына жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Ғабит Мұқанов әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған. Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Астана Прокурор Ақпарат ауысты

Тақырыпқа жаңалықтар