Астанада 3 бала қаза тапқан өрт: ТЖМ мәлімдемесі
Астанада 3 бала қаза тапқан өрт туралы жаңа ақпарат тарады. ТЖМ “өрт сөндірушілер ауладағы көлікке байланысты уақыт жоғалтты” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Министрлік мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келгенде пәтер толығымен жанып жатқан, бұл өрттің кеш анықталғанын көрсетеді.
Кіреберісте тұрған автокөлік биіктікте жұмыс істейтін техниканың аула ішіне кіруіне ғана кедергі келтірген, алайда өртті сөндірудің негізгі жұмыстарына бөгет болмаған. Полиция көлік иесін жедел анықтап, 6–7 минут ішінде автокөлік ауладан шығарылған.
ТЖМ желідегі "өрт сөндірушілер 20 минут бойы әрекетсіз отырды" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: