Астанада Бораттың купальнигін киген бельгиялық жанкүйерлер ұсталды

Астанада бельгиялық футбол жанкүйерлері Саша Барон Коэннің «Борат» фильміндегі кейіпкер киген киімге ұқсас купальниктер киіп келіп, трибунада отырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осы әрекеттері үшін қазақстандық полиция оларды ұстады.

Полицияның мәліметінше, кеше, 20 қаңтар күні стадионда футбол матчы өтіп жатқан кезде үш ер адам айналасындағыларға құрметсіздік білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған. Полиция қызметкерлері үш шетелдік жанкүйерді ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

«Қоғамдық орында мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полиция.

Тақырыпқа жаңалықтар