Астанада фельдшерге шабуыл жасалды

Астанада фельдшерге шабуыл жасалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның үстінен медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анықталғандай, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған.

Онда мас күйде болған екі ер адамның бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Қажетті көмек көрсетіліп, кетуге дайындалған кезде ер адам фельдшерге қарсы күш қолданған.

Астана фельдшер Шабуыл жасалды

Тақырыпқа жаңалықтар