Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

25-29 мамыр аралығында Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы жоспарланған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осыған байланысты елорда көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген. Аталған күндері Астана аспанында Қорғаныс министрлігінің майдан авиациясының ұшуы жоспарланған», – делінген хабарламада.

Астана Көлік шектеу Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар