Астанада көпқабатты тұрғын үйден 23 адам эвакуацияланды

Астанада көпқабатты тұрғын үйден 23 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сарыарқа ауданының Степан Кубрин көшесінде орналасқан он екі қабатты көппәтерлі үйден өрт шыққан.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз жанғанын анықтады.

Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы 23 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Астана тұрғын Адам Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар