Астанада мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті
Стипендияны Мемлекет басшысының атынан вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Биыл әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендияға 75 адам ие болды. Олардың қатарында танымал мәдениет қайраткерлері мен дарынды жастар бар. Бұл қолдау ұлттық мәдениетті дамытуға, шығармашылық иелерін ынталандыруға және олардың еңбегіне көрсетілген құрмет болып табылады.
Соңғы жылдары мәдениет саласын қаржыландыру екі есе артып, елімізде 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны ашылды. Сонымен қатар әдебиет пен баспа ісін қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жас қаламгерлерге арналған әдеби сыйлықтар тағайындалды.
Мемлекеттік қолдау Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуына және оны халықаралық деңгейде танытуға ықпал етуде.