Астанада қаза тапқан фельдшерге ескерткіш тақта орнатылды

Астанада қаза тапқан фельдшерге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ескерткіш тақта ол төрт жыл қызмет атқарған қалалық жедел жәрдем станциясының ғимаратына ілінді.

«Еліміздегі 300 мыңнан астам медицина қызметкерінің және жеке өз атымнан Ұлдананың жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі Қазақстан медицинасының тарихында қалды», — деді Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ескерткіш тақтада фельдшер «қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан» деп жазылған.

8 қарашада Ұлдана Мырзуанға Астанадағы тұрғын үй қасбеті құлаған. Ұлдана Мырзуан жансақтау бөлімінде 10 күн жатып, 18 қарашада көз жұмды.

Кейін президент Тоқаев қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Астана фельдшер Ескерткіш Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар