Астанада қыздың бөксесінен ұстаған алты баланың әкесі 5 тәулікке қамалды
Астанада ер адамның көшеде қызға азғындық жасағаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астаналық қыз көшеде жұмыс істеп жатқанда ер адам азғындық жасаған. Оның әрекеті видеоға түсіп қалды. Астанада пилатес жаттықтырушысы Арина құрбысымен бірге хоккей мектебінің терезесін жууға шыққан. Олар сол сәтті видеоға түсіріпті.
Қыз терезе жуып жатқан сәтте жасы үлкен ер адам қыздың жамбасын ұстап кетеді. Қыз шошып кеткенін және айтарға сөз таппай қалғанын көруге болады.
Кейін Арина полицияға шағымданып, құзырлы органдар ер адамды анықтады. “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды.
Ер адамның 58 жаста екені және отбасылы, 6 баланың әкесі екені белгілі болды.
Сондай-ақ ол сотта ер адамның кешірім сұрағанын, алайда өзінің оған көнбегенін айтты. Қыздың сөзінше, мұндай әрекетке әлдеқайда қатаң жаза тағайындалуы керек.
Жәбірленуші қосымша материалдық шығын өндіріп алуды сұраған, бірақ оған бұл үшін азаматтық сотқа қайта арыз беру керек.