Астанада жүк көлігі көпірден құлап кетті
Полиция мәліметінше, жол апаты елорданың айналма жолында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Tesla-ны тізгіндеген 49 жастағы әйел көпірге көтерілетін жол айрығында басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген.
Салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын зақымдап, көпірден құлаған.
«71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді»,- дейді полицейлер.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: