Астаналық «емші» TikTok-та адам емдеп ақшасын құмар ойнына тіккен

Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы адамдарға «емшілік қызметін ұсынған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алаяқ әлеуметтік желі арқылы жәбірленушілердің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген. Кейін оларды емдей алатынын айтып, ақы сұраған.

Жалған емші 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты иемденген. Кейін тапқан ақша ын құмар ойынына тіккен.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды. Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Астана тұрғын алаяқ Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар