Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – депутат

Жарқынбек Амантайұлы соңғы қоңырау күні көрініс тапқан даңғазалықты айтып, вице-премьер Аида Балаеваға сауал жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол мектеп бітіру кештеріндегі алып гүл шоқтарын оқушылар арасындағы «жарысқа» теңеді.

«Кейбір ата-ана баласы қатарынан қалмас үшін қарыз алуға, бөліп төлеуге немесе сыйлық алуға мәжбүр екенін ашық айтады», - дейді мәжілісмен.

Ол мектеп бітіру кештерін өткізудің бірыңғай стандартын әзірлеуді және ысырапшылыққа тыйым салуды ұсынды.

Мектеп Оқушы Жарыс депутат

Тақырыпқа жаңалықтар