Атырау облысында педагог жалға берілген пәтерін сот арқылы жекешелендіріп алды

Атырау облысында жергілікті уәкілетті орган мен ұстаз арасындағы баспана дауына қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

2011 жылы атыраулық 30 жылдық тәжірибесі бар педагогке мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуға 68,3 шаршы метр екі бөлмелі пәтер берілген.

Алайда үш жылдан кейін Тұрғын үй инспекциясы бөлімі оның бұрын 2022 жылы басқа тұлғаға иеліктен шығарылған жылжымайтын мүлкі болғанын алға тартып, оны жекешелендіруден бас тартқан.

Балалар үйінің түлегі болып саналатын педагог оған келіспей, сотқа шағымданған. Ол өз талабында пәтердің жалдау ақысын ұдайы төлегенін атап өткен. Негізі оған бұрын 20,5 шаршы метр шағын үй салынған жер телімі берілген. Қаржысының болмауына байланысты құрылыс аяқталмаған: үй терезесіз және безендірусіз қалған, тұруға жарамсыз болған.

Артынша әйел оны досына сыйға берген.

️Сотқа шағым берген кезде оның баласы екеуінің жеке меншігінде баспана болмаған. Жалпы еңбек өтілі 43 жыл бюджеттік ұйым қызметкері бола тұра, ол қалдық құны бойынша пәтерді жекешелендіруге құқығым бар деп есептейді.

 

Бірінші сатыдағы сот істі қарай отырып, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 75-бабының нормаларына тоқталды, оған сәйкес бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын үй алаңы болуы керек.

Сот сонымен қатар талап қоюшының шағымын қарау кезінде уәкілетті органның әкімшілік іс жүргізу тәртібін бұзғаны: істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу бойынша шаралар қабылданбағанын, арызданушының дәлелдері тыңдалмағанын, тұрғын үйді иеліктен шығарғанға дейін тұрғын үй комиссиясының хаттамасы қабылданғанын анықтады.

Сонымен қатар талап қоюшының үйді басқа тұлғаға беру туралы дәлелдері дұрыс тексерілмеген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырып, мемлекеттік органды талап қоюшыға пәтерді жекешелендіру құқығын беретін қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды міндеттеді.

️Әкімшілік орган сот шешімімен келісіп, апелляциялық сатыда шағымданбады.

️Сот актісі заңды күшіне енді.

сот Ақтөбе Мұғалім облыс
Бүгін, 9:28 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:31 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:12 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар