Атырауда 16 жастағы қыз отадан кейін көз жұмды
Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен барған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алайда отадан кейін жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болған.
Қайғылы жағдайға қатысты қыздың анасы дәрігерлердің салғырттығы себеп болуы мүмкін деп отыр.
Қазір оқиғаның нақты мән-жайы, ота кезінде не болғаны және өлімге не себеп болғаны анықталуы тиіс. Анасы әділ тергеу жүргізіліп, қызының өліміне кінәлілер жауапқа тартылуын талап етуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: