Қазақстан жаңалықтары8 қаңтар 2024, 15:12

Атырауда газ өңдеу зауытының құрылысшылары ереуілге шықты

Атырау облысының Мақат ауданында Қашаған кен орнында ілеспе мұнай газын өңдейтін зауыт құрылысымен айналысатын BBJ Group компаниясының 50-ге жуық жұмысшысы ереуілге шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткенімен, директордың орынбасары жұмысшылардың талабын орындаудан бас тартып, жұмысты тоқтатты. Мақат ауданы әкімдігінің өкілдері жұмысшылармен әңгіме-дүкен құрып болған соң, барлық жұмысшылар өз міндеттеріне кірісті.

«Ереуілді тоқтату, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін оқиға орнына аудан әкімдігінің, аудандық прокуратураның қызметкерлері және «Қазақ құрылыс тобы» жобалық басқару тобының жетекшісі келді. Келіссөзде тараптар Мақат ауданының әкімдігі BBJ GROUP компаниясының басшылығы мен қызметкерлері үшін келіссөздер алаңын ұйымдастыратыны туралы өзара шешімге келді, деп хабарлады Мақат ауданының әкімдігі.

Қашаған кен орны құрылысшылар Ереуіл Мақат ауданы

Тақырыпқа жаңалықтар