Атырауда нөсер жауыннан 10 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

Атырауда нөсер жауыннан 10 мыңға жуық үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше кешкі уақытта нөсер салдарынан бірнеше ықшам аудан мен ауылдарда электр энергиясы өшкен.

Қазіргі таңда жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Дегенмен кейбір аудандар әлі де жарықсыз отыр. Апатты қалпына келтіру жұмыстарына «Атырау Жарық» ЖШС-нің 8 бригадасы жұмылдырылған.

Мамандардың айтуынша, қатты жауын салдарынан қосалқы станцияларда ақау пайда болған.

Атырау жауын үй Баспана

Тақырыпқа жаңалықтар