Атырауда қарақшы бір әйелдің бетіне уксус шашты

Атырау облысында қарақшы қарт әйелдің бетіне уксус шашып, алтындарын ұрлап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында болған. Белгісіз әйел екінші топ мүгедектігі бар қарттың үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын (уксус) шашқан.

Салдарынан жәбірленушінің көзі жарақат алып, көру қабілеті нашарлаған. Қарақшы үйден алтын бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

қарақшы уксус Атырау Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар