Атырауда үйдің төбесіне найзағай түсіп өртеніп кетті

Атырауда үйдің төбесіне найзағай түсіп өртеніп кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жексенбі, 13 шілдеде Атырауда жеке екі қабатты үйдің шатырына найзағай түсті.

Салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер тез арада жалынды оқшаулады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Ақтау Атырау Найзағай Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар