Атыраудағы колонияда сотталған адам қаза тапты

Атыраудағы ерлер колониясында сотталғандар арасында жанжал болып, соңы бір адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, төбелес барысында сотталғандардың бірі дене жарақатын алып, көз жұмған.

“22 наурыз күні Атырау қаласындағы түзету мекемесінде сотталғандар арасында жанжал туындап, салдарынан олардың бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды”, — деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы жарияланған жоқ.

 

Атырау түрме ер адам абақты
Кеше, 10:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар