Ауқатты отбасыларға да ақша төленеді: жаңа тәртіптің ерекшелігі қандай
2027 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Отбасылардың әл-ауқаты арнайы жүйе арқылы бағаланып, табысы жоғары азаматтарға мемлекеттік қолдаудың кейбір түрлері берілмеуі мүмкін. Алайда бұл ауқатты отбасылар барлық жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнен айырылады деген сөз емес.
Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Отбасылар әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай бес санатқа бөлінеді. А санатына әл-ауқаты жоғары, В санатына ауқатты отбасылар енгізіледі. С санаты – жағдайы қанағаттанарлық, D – экономикалық тұрғыдан осал, ал Е санаты экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларды қамтиды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: