Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2025, 20:54

Автобус апаты кезінде екі аяғынан айырылған 8 жастағы қыз протезбен жүре бастады

Автобус апаты кезінде екі аяғынан айырылған 8 жастағы қыз протезбен жүре бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кішкентай қызға арнайы протезді германиялық компания әзірледі. Қазір Алуа протезбен жүруді үйреніп жатыр. Күнделікті жаттығумен айналысады.

Еске салсақ, 2 маусым күні жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 15 адам зардап шекті. Солардың ішінде Астанаға әжесімен қыдырып келген 8 жастағы Алуа да болған. Кішкентай қыздың екі аяғы қысылып, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

Екі аяғынан айырылған Алуаның жағдайы қоғамда резонанс туғызып, баланың ем-домына қаржылай қолдау көрсетілді. Қала әкімдігі 4 бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Туыстарының айтуынша, Алуаның отбасы жаңа үйге жаңа жылға дейін көшеді.

Астана автобус апаты Қайғылы оқиға мектеп оқушысы
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар