AZAL әуе кемесі оқ-дәрі әсерінен зақымдалған болуы мүмкін — Көлік министрлігі

Көлік министрлігінің мәліметінше, алайда олардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Министрлік Ақтау маңында болған AZAL ұшағы апатына 1 жыл толуына орай тергеу туралы аралық хабарлама дайындады.

Экипаж, техникалық қызмет көрсету және метеожағдай туралы деректер жиналды, оқиға орнына тексеру жүргізілді.

Сараптамалар жарылғыш заттардың ізі табылмағанын көрсетті.

Жабдықтар мен GPS бойынша зерттеулер жалғасуда.

Себептері көрсетілетін түпкілікті есеп барлық зерттеу аяқталғаннан кейін жарияланады.

Еске салсақ, өткен жылдың 25 желтоқсанында Azerbaijan Airways ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Салдарынан 38 адам қаза тапты, оның ішінде 6 қазақстандық бар.

Әзірбайжан Ақтау Ұшақ Апат

Тақырыпқа жаңалықтар