Балабақша терезесінен құлаған баланың ата-анасы әділдік іздейді
Ақмола облысы Шортанды ауданына қарасты Бектау ауылындағы жекеменшік балабақшадан құлаған баланың атасы көмек сұрайды, деп хабарлайды Arbat.media.
Еске салсақ, былтыр маусымда бүлдіршін ғимараттың 2-қабатынан құлап, ауруханаға түскен еді.
Осы оқиғадан кейін бас сүйегі шытынап, миы шайқалып, жамбасы сынған Ерасылға ота жасалып, көмек көрсетілген.
Сол кезде емдеген дәрігерлер баланың жағдайы ушығып, нашарлауы мүмкін екенін ескерткен еді. 5 жасар Ерасылдың атасының айтуынша, емнен кейін кішкентайдың мінез-құлқы қатты өзгеріп, дамуы тежелген. Құлағанға дейін де ерекшелігі болған бала қазір мүлдем ештеңені түсінбейтін болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: