Балқаштағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген рас па?
Балқаштағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда тараған Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген мәлімет шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция барлық білім беру мекемелерін тексерді - жарылғыш заттар табылған жоқ.
Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілерді анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Қарағанды облысының Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: