Банктер ипотекамен несие беруді қайта бастады

Банктер ипотекамен несие беруді қайта бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бірақ пайыздық мөлшерлемені 25 пайызға дейін көтерді. Осы айдың басында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтерген соң, тұрғын үй нарығын несиелендіру күрт өзгерді.

Себебі алдағы қарашада ипотекалық кредиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін шектеу жоспарланған болатын. Бұл қаржы ұйымдары үшін тиімсіз болған соң ипотекалық несие беру уақытша тоқтады.

Сондықтан шекті мөлшерлемені төмендету мерзімі келер жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілді. Осыдан соң банктер кредит беруді қайта бастады. Мөлшерлеме әр банкте әртүрлі. Бірақ 25 пайыздан аспайды.

банк ипотека Баспана бағыт
Кеше, 20:47 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:45 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:50 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар