Қазақстан жаңалықтары1 желтоқсан 2023, 14:48

Бахрейнде қазақ қыздарын интимдік қызметке тартқан

Шымкент сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Бахрейн Корольдігінің қонақ үйлерінде «Адам саудасы» және «Кәмелетке толмағандардың саудасы» жөніндегі қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бахрейн Корольдігінде екі қазақстандық қызды интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрледі деп айып тағылған Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны наурыз айында қамауға алынған болатын. Оған ҚР ҚК 128 «Адам саудасы» және ҚР ҚК 135 «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа берілді.

Сотталушының бірнеше ай бұрын дүниеге әкелген баласының барын ескере отырып Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы сотта өзінің кінәсін мойындамады. Оның қорғаушысы апелляциялық шағым түсіріп, үкімге шағымданды.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ.

 

Бахрейн қазақ қыздары интим Шымкент

Тақырыпқа жаңалықтар