Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Мамандар бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсеріне еліміздің солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Басқа аймақтарда күн райы ашық болады.
Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Түнде Абай және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус аяз болуы ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +25+27°С, желдің жылдамдығы 3-8, кейде 9-14 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +24+26°С, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашын болады. Ауа температурасы +27+29°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.