Бекболат Тілеухан Ерлан Қаринді жаңа қызметімен құттықтады

Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Ерлан Қариннің жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты пікірін білдірді. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Қариннің кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымына жоғары баға берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бекболат Тілеуханның айтуынша, Ерлан Қаринге көрсетілген сенім – оның бұған дейін атқарған еңбегіне берілген бағамен қатар, үлкен жауапкершілік.

Қоғам қайраткері Қариннің мемлекеттік идеология бағытындағы жұмысына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, Ерлан Қарин мемлекеттік саясаттың негізгі мазмұнын қалыптастырып қана қоймай, оны жүйелеп, қоғамға түсінікті түрде жеткізудің тиімді тетігін қалыптастырған.

«Ерлан Қарин идеологиялық мағыналарды қалыптастырушы, үйлестіруші және қоғамға жеткізуші ретінде бұл лауазымда сирек кездесетін жүйе қалыптастыра алды», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Бекболат Тілеухан Ерлан Қариннің тарихқа, дәстүрлі мәдениетке, жыраулық өнерге және ұлттық спортқа деген қызығушылығын атап өтті. Әсіресе оның дәстүрлі садақ атуға көңіл бөлетінін тілге тиек етті.

Жазбасының соңында қоғам қайраткері Қаринге жаңа қызметінде сабыр, денсаулық пен абырой тіледі.

Қоғам қайраткері лауазым Жауапкершілік

Тақырыпқа жаңалықтар