Бензин қымбаттауына қатысты шағымдар қабылдайтын жедел желі іске қосылды

Бензин қымбаттауына қатысты шағымдар қабылдайтын жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жедел желіге автогаз жетіспеушілігіне де шағымдануға болады.

Энергетика министрлігі бензин мен дизельдің қажетті көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын хабарлады.

Тіпті өндіруші зауыттағы жоспарлы жөндеу жұмыстары ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін газ қосымша көлемде бөлінген.

“АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе жанармай құю станцияларында отынның болмауы анықталса, +77018550248 жедел желі нөміріне хабарласуға болады", - дейді министрліктегілер.

Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады.

бензин жедел желі Қымбатшылық қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар