«Big Шанхай» базарындағы өрттен 260-тан астам кәсіпкер зардап шекті
3 қабатты сауда үйі түгелдей отқа оранып, жүздеген сауда дүкені мен тауар күлге айналды. Қазір оқиға орнында тиісті органдар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін арнайы штаб құрылды. Банктік міндеттемелерді кейінге шегеру, салық төлемдерін 3 жылға бөліп төлеу мүмкіндіктері қарастырылуда. Алдағы күндері шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге балама сауда орындары ұсынылады. Әзірге шығын көлемі есептеліп жатыр.
Айта кетейік, өрт кеше түнде басталған. Жалпы ауданы – 30 мың шаршы метрден асады. Төтенше жағдайлар қызметі іште тез тұтанатын материал - киім-кешек, пластик, резеңке өнімдері көп болғанғандықтан, от лезде тарап кеткенін айтуда.
Өкінішке қарай, құтқарушылардың үшеуі жарақат алды. Біреуі – бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді.