Қазақстан жаңалықтары24 ақпан 2024, 13:00

Білім беру саласында қаржы жымқыру қалай жүзеге асқаны анықталды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру жүйесінде ақша жымқырудың алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

2023 жылы білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген.

Талдау көрсеткендей, бюджет қаражатын жымқырудың көптеген фактілері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық байланыстарының болмауына байланысты жүзеге асқан («Ұлттық білім беру дерекқоры», «Қазынашылық-клиент», «Жеке тұлғалар», «Enbek.kz» және т. б.).

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бекітілген Жол картасы шеңберінде жоғарыда көрсетілген жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізуде.

Агенттіктің бастамасымен 2023 жылдың 4-тоқсанында Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында қолданыстағы бухгалтерлік жүйелер базасында цифрлық шешімдерді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды.

Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесін толық автоматтандыру, контингентті есепке алу және қызметкерлердің келуін бақылау, аванстарды негізсіз төлеуді бұғаттау тетіктері (еңбек заңнамасына сәйкес) және қазынашылық деректерін бухгалтерлік жүйелермен салыстыру мүмкіндігі сәтті өтті.

Сондай-ақ, ұйым басшысының бет биометриясы бойынша төлем құжаттарына қол қою, сондай-ақ оларды шифрлау мәселесі пысықталды.Қазіргі уақытта осы цифрлық шешімдерді масштабтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

білім саласы Жемқорлық Ақша жымқыру

Тақырыпқа жаңалықтар