Қазақстан жаңалықтары16 қазан 2024, 11:35

Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 істі облыс прокуратурасы сотқа жіберді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.

 

1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды білім саласы Жемқорлық
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар