Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың өлімі болған жерден кадрлар жарияланды
Адвокат Назкен Құсайынова Қуандық Бишімбаев кісі өлтіру қылмысын мойындамай отырғанын мәлімдеген еді. Осы орайда Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді «Бау» ресторанында болған оқиғаның мән-жайын еске алып, бейнебақылау камералары түсірген кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айтбек Амангелдінің жазуынша, оның мұндай қадамға баруына басты күдіктінің адвокаттары жасаған мәлімдемесі себеп болған. Ол Бишімбаевтың қорғаушылары «Бау» ресторанында болған оқиғаны басқаша жеткізіп, жалған ақпарат ұсынғанына наразылық білдіріп отыр.
«Адвокаттар Бишімбаев Салтанатты ұрмады деп отыр. Алайда, бейнебақылау камераларына түскен сәттер бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайтынын айғақтайды. Медициналық сараптама қорытындысы да бар, сарапшылардың айтуынша, Салтанаттың басына кем дегенде 13 соққы жасалған», деп жазды Айтбек Амангелді Instagram парақшасында.