Қазақстан жаңалықтары29 сәуір 2024, 23:48

Бишімбаев ісі: СІМ Собчак пен Грейс туралы пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейстің Қазақстандағы сот отырысына қатысуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Олардың екеуі де аккредитация үшін бізге жүгінген жоқ. Сот отырысына ресейлік медиа өкілдердің нақты кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен анықтап біле аласыздар», - деді Айбек Смадияров, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деп айыпталды және аты шулы сот талқылауы өтіп жатыр.

ҚР СІМ Наталья Грейс Ксения Собчак Бишімбаев ісі

Тақырыпқа жаңалықтар