Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды»,-делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ерекше бақылауда тәуекелдің «қызыл» аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1.

Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

қаражат электр энергиясы грэс теңге

Тақырыпқа жаңалықтар