Қазақстан жаңалықтары29 наурыз 2024, 11:27

Боао Азия форумы: AIF және BFA арасында меморандумға қол қойылды

Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысуы барысында Астана халықаралық форумы (AIF) мен BFA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті. AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр. Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

Боао Азия форумы AIF және BFA Меморандум қол қойылды
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар