Бойжеткен есімін Барселона деп өзгертті

Қазақстандық Айтолқын Айханова өз есімін ресми түрде Барселона деп өзгерткенін хабарлады. Ол жаңа туу туралы куәлігін алып, бұл шешімді ұзақ уақыт бойы ой елегінен өткізгенін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның сөзінше, дүниеге келген кезде атасы оған Барселона деген есім берген. Алайда 40 күн өткен соң аты Айтолқын болып өзгертілген. Араға 36 жыл салып, ол туғандағы алғашқы есімін қайта қайтаруға шешім қабылдаған.

Барселонаның айтуынша, атасы балалары мен немерелеріне әлемдік спорттық додалар өткен қалалардың атауын беру дәстүрін ұстанған. Сол себепті олардың әулетінде Сеул, Сидней және Токио есімді туыстары бар.

Жаңа құжаттарын қолына алған ол енді жұртшылықтан өзін Барселона деп атауды сұрады.

Барселона Қазақ қыз бойжеткен
28 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар