БҚО-да колледж директоры студенттің шәкіртақысын жымқырды
Батыс Қазақстанда колледж директоры 49 млн теңгеден астам шәкіртақыны жымқырған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің директоры 54 адамды білім алушы ретінде жалған тіркеген.
"Олар студент ретінде көрсетіліп, жалған баға қойылған. Сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, оларға стипендиялар төленген", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Жалған ашылған банктік шоттармен картаға түскен ақшаны өзі иеленіп келген. Ол 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.
Басшы үйқамаққа алынып, пәтеріне тыйым салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: