БҚО-да прокурордың мәйіті табылды

8 мамырға қараған түні Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданы прокуроры өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 8 мамырдың түнінде Теректі ауылындағы Сұңқар көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Қаза тапқан — 1983 жылы туған әділет подполковнигі Ғалымбек Мұхитов. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

БҚО прокуратурасы ақпаратты растады.

«2025 жылғы 8 мамырда үйінің ауласында аудан прокуратурасының қызметкері суицид жасады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Прокуратураның мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді БҚО полиция департаменті жүргізіп жатыр».

Прокурор Ақпарат Қаза өлім

Тақырыпқа жаңалықтар