Қазақстан жаңалықтары29 мамыр 2025, 13:22

БҚО тұрғыны қызғаныштан әйелін өлтірді

БҚО тұрғыны әйелін қызғанамын деп оны өлтіріп алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 28 мамырда Теректі ауданы Шаған кентінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам әйелін пышақтап өлтірген. Әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Үш бала анасыз қалды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шаған ауылдық округінің әкімдігі отбасы еш жерде есепке алынбағанын хабарлады. Ерлі-зайыптылар шамамен 30 жаста екен.

 

Ақпарат БҚО Әйел ер
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:16 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар