Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 15:29

Cіріңкемен ойнаймын деп, 30 тонна шөп өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Жарсу ауылында аулада 30 тонна пішен екі күн бойы лаулап жанған, - деп хабарлайды Arbat.media.

  Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Өрт сөндірушілер, құтқарушылар және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен 15 адам мен трактор тартылған. Өрттің шығуына балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болған.

Қарабұлақ ауылында да абайсыз от жағудан 85 тонна пішен өртенген. ді. Ол жерде де өрт сөндірушілер, жергілікті тұрғындар, «Тарбағатай Мұнай» кәсіпорнының жұмысшылары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен 16 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

 

ШҚО сіріңке шөп өртенді Зайсан

Тақырыпқа жаңалықтар