Қазақстан жаңалықтары29 қыркүйек 2025, 10:32

Дәурен Айдарқұлов көпшілікке үйленгенін хабарлады

Актер Дәурен Айдарқұлов өз Instagram парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Актер желідегі жазбасында үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны жария еткен.

"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", - деп жазды әнші жазбасында.

Актердің жазбасын көрген желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Қуанышына ортақ болып, ізгі тілектерін қалдырғандар қатарында Ақбота да бар.

"Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!", - деп пікір қалдырды актердің жазбасына Ақбота Сейтмағамбет.

Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл үшінші некесі. Айдарқұловтың бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Ол актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.

Дәурен Айдарқұлов Актер үйленді

Тақырыпқа жаңалықтар