Дауылды ескерту: Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы қолайсыз болуы мүмкін
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы қолайсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл және қатты жел соғуы ықтимал;
Солтүстік және орталық өңірлерде тұман түседі;
Батыс аймақта жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін;
Ал Жетісу облысында (Алакөл көлдері ауданында) жылдамдығы 30 м/с дейінгі қатты жел болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: