Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мәліметінше, 17-18 қаңтар күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аяз сақталады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде циклон ықпалынан жауын-шашын қар түрінде түсуі мүмкін. Сондай-ақ дауылды жел және бұрқасын соғып, көктайғаққа ұласуы ықтимал.

Алдағы демалыс күндері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында күн жауын-шашынды болады.

Республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, салдарынан қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасы жылына бастауы мүмкін.

Жалпы, республика бойынша тұман түседі деп болжанып отыр.

Ауа райы Демалыс күн мезгіл

Тақырыпқа жаңалықтар